«Превентивті медицина – кәсіби денсаулықтың негізі», - Н.Сәдуақасов

«Превентивті медицина – кәсіби денсаулықтың негізі», - Н.Сәдуақасов

Бүгін Астана қаласында мемлекеттік органдар, медициналық университеттер, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 11-ші Қазақстандық халықаралық конференция өтті.

Конференция жұмысына ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Н.О. Сәдуақасов қатысып, превентивті медицина мәселелері бойынша баяндама жасады.

Ол өз сөзінде кәсіби денсаулықтың негізі ретінде превентивті медицинаға баса назар аудара отырып, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы превентивті саясаттың тәуекелге бағдарланған аспектісін таныстырды.

«Тәуекелге бағдарланған тәсіл тәуекелдерді алдын ала бағалауды, тәуекелдерді басқару стратегияларын әзірлеуді және тұрақты мониторинг пен бағалауды қамтиды. Превентивті медицина және тәуекелге бағдарланған тәсіл еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздікте шешуші рөл атқарады», - деп атап өтті Комитет басшысы.