Биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми зерттеулердің транспаренттілігі және дамуы

Биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми зерттеулердің  транспаренттілігі және дамуы

Кеше М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің Фармация Мектебінің профессор-оқытушылар құрамымен және білім алушыларымен Орталық қызметкерлерінің  экскурсия форматындағы кездесуі өтті.

Бұл кездесудің мақсаты – оқытушыларды, білім алушыларды ғылыми әзірлемелермен, жас зерттеушілердің ғылыми ойлауын қалыптастырудағы интеграцияланған тәсілді дамыту перспективаларымен таныстыру.

Іс-шара еліміздің жетекші зертханаларының бірі – сапа менеджменті, биологиялық және ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің халықаралық стандарттарына сай келетін Орталық референттік зертханада өтті.

Орталықтың мамандары қонақтарды заманауи зерттеу технологияларымен таныстырды, оқу сыныбында БҚД-3 зертханасындағы жұмыс туралы айтты.  БҚД-2 зертханасында шолу экскурсиясы өткізілді.

Кездесу барысында болашақ түлектер бірлескен зерттеулер жүргізуге қызығушылық танытты, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша білім беру процесіне қатысу мүмкіндіктерін талқылады.