Алматы облысында «қытайлық таяқшалармен» улану жағдайы бойынша ағымдағы ақпарат

Алматы облысында «қытайлық таяқшалармен» улану жағдайы бойынша ағымдағы ақпарат

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылының орта мектебінің оқушыларында тіркелген «Токсикоинфекциялар» (ТТИ) жағдайлары бойынша ТТИ-ге қатысты болжамды өнім Талғар ауданының «Али» дүкенінен (ЖК Досова М.С.) сатып алынған «қытайлық таяқшалар» екенін хабарлаймыз.

Аталған өнім Алматы қаласындағы (Ташкенский-Розыбакиев к-сі, «Ангар 5-Б») көтерме сауда орнынан жеткізілген. 

Хабарламаны алған сәттен бастап Алматы қаласы Алмалы және Наурызбай аудандарының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары қытайлық ащы таяқшалардың сатылуын анықтау бойынша тергеуді бастады. Тергеу іс-шаралары жалғасуда, оның қорытындысы бойынша қосымша хабарланады.