Назарбаев Университетімен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Назарбаев Университетімен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Бүгін «Назарбаев Университеті» ДБҰ-да Комитет төрағасы Нұрқан Сәдуақасовтың профессор Лиза Линнмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар денсаулық сақтау саласында ақпарат алмасу бойынша өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, тараптар Сингапур, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея және ДДҰ лекторларын тарта отырып, күзде жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің баспасөз хатшылары үшін екі күндік семинар-тренинг өткізуге келісті. 

Бұл іс-шара қатысушылардың кәсіби дағдыларының деңгейін арттыру, олардың коммуникациядағы құзыреттілігін кеңейту және шет елдермен осы саладағы тәжірибемен алмасу үшін өткізілетін болады.

Өз тарапынан Комитет ғалымдар тобына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында зерттеу жұмыстарын жүргізуге атсалысады. Бірлескен жұмыстың қорытындысы шетелдік рейтингтік ғылыми журналдарда жарияланады.