СЭБК жұмыс кеңесі

СЭБК жұмыс кеңесі

Бүгін Н.Сәдуақасовтың төрағалығымен басқармалар мен аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері басшыларының қатысуымен Комитеттің жұмыс кеңесі өтті.

Отырыс барысында Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ішкі бақылау нәтижелері тыңдалды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және аумақтық департаменттерді цифрландыру мәселелері талқыланды.

Іс-шара қорытындысы бойынша құрылымдық басқармалар мен аумақтық департаменттерге мемлекеттік қызметтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларындағы заңнаманы сақтау бойынша хаттамалық тапсырмалар берілді.