Лас қолдан туындайтын аурулар

Лас қолдан туындайтын аурулар

Энтеробиоз – СҚО аумағында ең көп таралған гельминтоз. 2023 жылдың 4 айында энтеробиоздың 70 жағдайы тіркелген (барлық паразитоздардың 75%), оның 96%-ы 14 жасқа дейінгі балалар.

Энтеробиоз – баланың ішектерінде нематодтардың (жылан құрттар) паразитизациясынан туындайтын құрттық инвазия. Балалардағы энтеробиоз – кең таралған паразиттік инфекция. Қазіргі уақытта энтеробиоз балалардағы бірқатар соматикалық аурулардың жиі пайда болуына және созылмалы патологияның өршуіне ықпал ететініне күмән жоқ.

Энтеробиозбен ауыратын балалар мен ересектер инфекцияның резервуары және көзі болып табылады. Нәжіс-ауыз арқылы берілу механизмі тамақтану және тұрмыстық жолдармен жүзеге асырылады. Инфекция жұқтыру сәтінен бастап балалардағы энтеробиоз симптоматикасының дамуына дейін 12-14 күн өтеді. Ішек құрты инвазиясымен ауыратын балалар өздеріне ғана емес, басқа балаларға да жұқтыра алады, сондықтан энтеробиоздың таралуы әсіресе балалар топтарында жоғары. Бұған: гигиена қағидаларын елемеу, балалардың саусақтарын сору, тырнақтарын тістеу, аузына ойыншықтар салу, балалар мекемелері мен үйде санитариялық нормаларды сақтамау және  т. б. жатады.

Энтеробиозбен ауыратын баланың негізгі шағымы – бұл кешке және түнде айқын көрінетін анальды қышу. Перианальды аймақты қарау кезінде терінің қызаруы, жергілікті тітіркенуі және тырналуы, кейде – экзема және суланғыш дерматит анықталады.

Балалардағы энтеробиозбен ас қорыту жүйесінің дисфункциясы тәбеттің төмендеуімен, тұрақсыз нәжіспен (іш қату мен өтудің ауыспалы кезеңдері), тенезммен, іштің кебуімен, жүрек айнуымен, регургитациямен және құсумен сипатталады. Тағамдық заттарды сіңіру процесінің бұзылуы дене салмағының жоғалуымен, баланың өсуі мен дамуының кешеуілдеуімен бірге жүреді.

Әдетте, энтеробиозды дәрі-дәрмекпен емдеу және гигиеналық іс-шараларды сақтау балаларды құрт ауруынан құтқаруға мүмкіндік береді. Алайда, инфекция көзімен байланысты жалғастырған жағдайда қайтадан құрт инвазиясы болуы мүмкін.

Мына адамдар:

- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына баратын балалар – оқуға келу және топтан топқа ауыстыру кезінде, одан әрі жылына бір рет;

- медициналық тексерулер кезінде халықтың декреттелген топтары;

- медициналық ұйымдардың пациенттері;

- энтеробиозбен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдар;

- су спорты түрлері бойынша спорт топтарына баратын адамдар –спорттық секцияларға оқуға қабылдану кезінде және одан әрі жылына бір рет энтеробиозға профилактикалық тексеруге жатады.

Энтеробиоз лас қол ауруы болып саналатындықтан, алдын алу шаралары балаларға ерте жастан бастап гигиена дағдыларын үйретуден тұрады. Баланың тырнақтарын қысқа алып, дәретханадан кейін, тамақтанар алдында, серуендеуден кейін, таңертең және кешке баланы жуындырып, іш киімдерін күнделікті ауыстырып, саусақтарын соруға және тырнақтарын тістеуге тыйым салу керек, төсек-орындарды жиі ауыстырып, көкөністер мен жемістерді қолданар алдында мұқият жуу қажет.