Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттау мәселелері бойынша семинар

Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттау мәселелері бойынша семинар

Ағымдағы жылғы 17 мамырда Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін оқыту жоспарына сәйкес «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» мемлекеттік қызметін көрсету мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Семинарда аумақтық департаменттердің аталған қызмет түріне жауапты қызметкерлері денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу мәселелерін талқылады, «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің тәртібі түсіндірілді.

Аумақтық департаменттердің қызметкерлері маман сертификатын алуға байланысты жұмыс барысында туындаған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, оларға жауаптар алды.

Семинар қорытындысы бойынша аумақтық департаменттерге мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама талаптарын сақтауға қатысты бірқатар ұсынымдар берілді.