
8-9 мамырда Нью-Йорк, АҚШ-та ҚР ДСМ СЭБК төрағасы Нұрқан Сәдуақасов 2023 жылғы қыркүйекте денсаулық сақтау қызметтерімен жалпы қамту (ДҚЖҚ) бойынша жоғары деңгейдегі отырысқа әзірлік жөнінде мүдделі тараптардың тыңдауларына қатысты.
Тыңдаудың мақсаты қатысушы елдер өкілдерінің елеулі өршулерге дайындықты қамтамасыз ету, олардың алдын алу және оларға ден қою жолдары, олардың әлеуметтік-экономикалық салаларға әсері мәселелері бойынша пікір алмасу болды.
Комитет басшысы өз сөзінде қатысушылардың назарын ДҚЖҚ-ны және денсаулықты қорғауға байланысты орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін тұрақты денсаулық сақтау жүйесінің негізі ретінде медициналық-санитариялық алғашқы көмектің маңыздылығы мен өзектілігіне аударды.