Батыс Қазақстан облысында туберкулезбен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады

Батыс Қазақстан облысында туберкулезбен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады

2023 жылдың 1-тоқсанында Батыс Қазақстан облысында туберкулезбен сырқаттанушылықтың төмендеу үрдісі байқалды.

1-тоқсанда облыста белсенді туберкулездің 80 жағдайы тіркелді, 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,9%-ға төмендегені байқалады.

Туберкулез – бұл туберкулез бактериялары ағзаға енген кезде дамитын жұқпалы ауру. Бұл ауру негізінен өкпені зақымдайды, бірақ мидың, оның қабықтарының, сүйектердің, буындардың, бүйректің, көздің, жыныс мүшелерінің, ішектің және басқа да ағзалардың туберкулезі болуы мүмкін.

Аурудың негізгі белгілері: 2 апта бойы кетпейтін жөтел, жалпы әлсіздік және тез шаршағыштық, дене қызуының ұзақ уақыт түспеуі, кеуде қуысының ауыруы, түнде терлеу, тәбеттің төмендеуі, салмақ жоғалту, қанды қақырық. Бұл белгілер басқа ауруларда да пайда болуы мүмкін. Мұндай белгілердің себебін тек медицина қызметкері анықтай алады.

Туберкулезді диагностикалаудың ең қолжетімді және сенімді әдісі – қақырықты туберкулез бактерияларына микроскопиялық зерттеу. Сондай-ақ, флюорографиялық, рентгенографиялық әдістермен және туберкулинді сынамамен (Манту реакциясы) диагноз қоюға болады. Пациенттерді тексеру аумақтық емханаларда тегін жүргізіледі.

Туберкулезбен ауырмас үшін не істеу керек?

1. Салауатты өмір салтын ұстану – бұл ет және сүт өнімдерін, балықты, көкөністер мен жемістерді жеткілікті мөлшерде тұтыну, спортпен шұғылдану, дұрыс демалу, темекі шегуден, алкогольден, есірткіден бас тарту.

2. Аурудың белгілері пайда болған кезде дәрігерге уақтылы жүгіну.

3. Жыл сайын өкпе флюорографиясынан өту.

4. Жеке гигиена қағидаларын сақтау – қолды жуу, ыдыс-аяқты жуғыш заттар мен ағынды суды қолданып жуу, жеке ыдыс-аяқты пайдалану, ауыз бен мұрынды жөтелу және түшкіру кезінде жабу.

5. Таза ауада жиі болу және табиғатқа шығу.

6. Бөлмені үнемі желдетіп, дымқыл тазалық жұмысын жүргізу.

7. Қақырып түкірмеу – бұл Кох таяқшасының жұғуы ықтимал шаңды көтеру арқылы аурудың таралуына ықпал ететін зиянды әдет.

Туберкулезді емдеуге болады, ол неғұрлым ерте анықталса, емдеу нәтижелері жақсырақ болады.