Құс еті және оны қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігі туралы

Құс еті және оны қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігі туралы

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай терминологияны, сәйкестендіру қағидаларын, қауіпсіздік талаптарын, құс етінен және құс етінен жасалған өнімді өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, кәдеге жарату процестеріне және таңбалауға қойылатын талаптарды белгілейтін 051/2021 «Құс еті және оны қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті күшіне енді.  

Құс сою өнімдеріндегі 50 ветеринариялық дәрілік заттардың қалдық мөлшерінің рұқсат етілген ең жоғары деңгейіне қойылатын талаптар регламенттелген. Құс етінен қайта өңделмеген өнімге су мен тағамдық қоспаларды (фосфаттарды қоса) енгізуге тыйым салынады.

Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес құстың етін еріту кезінде бөлінген ылғалдың массалық үлесі 4%-дан аспауы керек, яғни еріту кезінде тауық салмағының жеңілдігі 4%-дан аспауы керек.

Құс етінен жасалған өнімдерді өндіру кезінде балаларды тамақтандыру үшін бірқатар тағамдық қоспаларды (консерванттар мен дәмді күшейткіштерді қоса) және ГМО мен пестицидтері бар шикізатты пайдалануға тыйым салынады.

Сондай-ақ, таңбалауда көрсетілген нақты мәндерден тағамдық құндылық көрсеткіштерінің (ақуыз, май, көмірсулар, калория) рұқсат етілген ауытқулары белгіленді.

Құс етінен алынатын өнімдердің барлық түрлерін ет және құрамында еті бар топтарға жіктеуді қамтитын өзгерістер әзірлеу көзделген.

Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес айналымға шығарар алдында жануарлардан алынатын өңделмеген тамақ өнімдері ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өтуі тиіс. Жануарлардан алынатын өңделген тамақ өнімдері декларациялануға, ал балалар тағамына арналған құс етінен жасалған өнімдер мемлекеттік тіркеуге жатады.

2022 жылғы қауіпсіздік мониторингінің нәтижелері бойынша құс еті мен құс өнімдерінің 351 сынамасынан 17 сынама немесе 4,8% техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеді. Сәйкес келмейтін 17 сынаманың 1 сынамасы (5,8%) отандық өндіріс өніміне және 16 сынамасы немесе 94,2% әкелінетін өнімге тиесілі.

Егер бұзушылықтарға тоқталатын болсақ, сәйкессіздіктердің 39,3%-ы микробиологиялық көрсеткіштерге (жалпы микробтық санның шамадан тыс мөлшері, шикі өнімдегі ішек таяқшасы тобының бактерияларын анықтау, консерві өнімдерінің өнеркәсіптік стерильділігінің бұзылуы), 41,2%-ы таңбалау бөлігіндегі сәйкессіздікке және 11,8%-ы физика-химиялық көрсеткіштер мен жарамдылық мерзімі өткен өнімдер бойынша сәйкессіздікке тиесілі.

Тұтынушы қауіпті немесе сапасыз өнімді сатып алудан сақтандыратын кейбір ұсынымдарды білуі керек.

Өнімді таңдау кезінде сақтау шарттарына, температуралық режимге назар аудару қажет. Дүкен сөрелеріндегі өнім өндіруші қаптамада мәлімдеген температурада және мерзімдер шегінде сақталуы тиіс. Егер мұздатылған құстың қаптамасында мұз, қар немесе мұздатылған қан бөліктері болса, онда өнімдер дефрастацияға ұшыраған болуы мүмкін, яғни ерігеннен кейін қайтадан мұздатылған, бұл құс етінің тағамдық қасиетіне әсер етеді және өнімдерде жағымсыз иіс болуы мүмкін.

Таңбалау нені қамтуы тиіс? Өнімнің өндірушісі, жарамдылық мерзімі, құрамы, балалардың тамақтануына арналған өнімнің мақсаты туралы ақпарат. Құс етінен өңделген өнімді таңбалауда кез келген тәсілмен суды (пайдаланған жағдайда) және механикалық түрде сүйегінен ажыратылған құс етін қосқан кезде көрсету керек. Құс сою өнімін қайта өңдеу өнімдерінің құрамын таңбалауда оларға кіретін компоненттерді, тағамдық қоспаларды, кешенді тағамдық қоспалар мен хош иістендіргіштерді белгілей отырып, маринадтар мен тұзды ерітінділер көрсетіледі.

Сондай-ақ қаптамаға назар аударған жөн. Қаптаманың сырты бұзылмаған болуы тиіс. Бөлшек және көтерме сауда кәсіпорындарында бұрын вакууммен немесе модификацияланған атмосфера жағдайында оралған өнімді қайта орауға жол берілмейді.