Медициналық маскаларға шекті бағаны бекіту туралы бұйрық

Медициналық маскаларға шекті бағаны бекіту туралы бұйрық

ҚР Денсаулық сақтау, сауда интеграциясы және Ұлттық экономика министрлерінің бірлескен бұйрығымен медициналық маскалардың шекті бағасы бекітілді.

Осы бұйрыққа сәйкес, бөлшек саудада іске асыру кезінде медициналық масканың шекті бағасы 118 теңгеден аспауы тиіс. Осы шешімді қабылдау, медициналық өнім өндіру үшін шикізаттың қымбаттауы жағдайына байланысты, сондай-ақ елдегі төтенше жағдай кезеңінде алыпсатарлық фактілерге жол бермеу мақсатында туындап отыр.

Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, сауда және интеграция, Ұлттық экономика вице-министріне жүктелген.

Приказ