Дифтерия – қауіпті ауру

Дифтерия – қауіпті ауру

Күл ауруы кең таралған ауыр сырқат болып табылады.

Жұқпа науқас адам немесе тасымалдаушылар жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлескен кезде ауаға түскен бактериялар арқылы таралады. Аңқа, мұрын, үстіңгі тыныс алу жолдарының сілемейлі қабығына түскен дифтерия таяқшасы көбейеді де, ерекше у – дифтериялық уытты бөледі.

Күл ауруына шалдыққандар да, сондай-ақ «дені сау» тасымалдаушылар да тұрғындар арасында дифтерия таяқшасын тасымалдайды.

Күл ауруы жүрек бұлшықетінің, тыныс алу бұлшықеті мен диафрагманың, жұмсақ таңдай, бет, мойын, дене және аяқ-қол бұлшықеттерінің салдануына әкеп соғатын асқынулармен қауіпті.

Ауру белгілері баспа (ангина) немесе жоғарғы тыныс алу жолдарының жедел катаральды ауруы ретінде көрінеді және көбінесе науқастар өзін-өзі емдей бастайды. Инфекцияның асқынуына жол бермеу және емдеуді дұрыс белгілеу үшін баспасы бар науқастар емдеуді бастамас бұрын міндетті түрде дифтерияға тексеріледі.

Балалар мен ересектерді күл ауруынан сақтаудың жалғыз тиімді жолы  вакциналау болып табылады. Вакциналау ерте балалық шақтан басталып, егде жасқа дейін жалғасады. Алғашқы екпелер 2,3,4 және 18 ай жасында басталады, одан әрі екпе 6 және 16 жасында және әрбір 10 жылдан кейін егіледі. Бұл жағдайда дифтерияға, сіреспе көкжөтеліне, полиомиелитке, гемофильді инфекцияға және бала жасындағы В вирустық гепатитіне, ересек жастағы дифтерия мен сіреспеге қарсы кешенді вакцина қолданылады.

Дұрыс егілген адамдар, оның ішінде балалар күл ауруымен ауырмайды. Иммунитеттің төмендеуіне байланысты немесе кезекті егуді өткізіп алу салдарынан егілген адамдардың жұқпаны жұқтыру жағдайлары бірлі-жарым, ауырса да ауру асқынусыз жеңіл өтеді, науқастар қайтыс болмайды.

Қазақстанда халықты уақтылы иммундаудың арқасында соңғы 10 жылда күл ауруының жағдайлары тіркелген жоқ.