
«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында жазғы маусымда балалардың демалысын ұйымдастыру, сауықтыру және жұмыспен қамту мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңес ұйымдастырылды.
Семинар-кеңеске қадағалау органдарының (ДСМ СЭБК, ІІМ, ТЖМ), білім басқармаларының өкілдері және балаларды сауықтыру ұйымдарының басшылары қатысты.
Семинар-кеңес аясында жазғы кезеңде балалардың демалысын, сауықтыру және жұмысқа орналастыру, олардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша барлық қызметтердің ведомствоаралық үйлестіру мәселелері қаралды.
Іс-шараға қатысушылар балалардың сапалы және қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету, денсаулығын нығайту және оларды еңбекпен қамту бойынша озық тәжірибемен алмасты.
Балаларды сауықтыру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тамақтан уланудың алдын алу мәселесі бойынша ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Тамақтану, білім беру және тәрбиелеу объектілерін санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Г.Е. Қожатова сөз сөйледі.
Семинар-кеңес барысында балалардың қауіпсіз демалуына қатысты сұрақтар қойылып, талқыланды.
Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша 2023 жылы балалардың қауіпсіз демалысын ұйымдастыру бойынша бірлескен ұсынымдар әзірленді.