
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған, кәсіпкерлік қызмет саласында «таза парақтан» жаңа реттеуші саясатты енгізуге бағытталған мемлекеттік бақылау жүйесін реформалауды іске асырды.
Негізгі міндет – кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеушілік базаны жетілдіру, реттеушілік актілерді тұрақты негізде қайта қарауды қамтамасыз ететін міндетті тетік ретінде міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру.
ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті – «Қоғамдық тамақтану» кәсіпкерлік саласындағы сала бойынша жауапты реттеуші мемлекеттік орган.
«Қоғамдық тамақтану» саласы бойынша тізілімге 94 реттеу актісі енгізілді, онда 2 397 талап анықталды, олардың 748-і немесе 31,2%-ы оларды қалыптастыру шарттарына сәйкес келмейді, оның ішінде 369-ы өзгертуді (толықтыруды), 379-ы күшін жоюды талап етеді.
2023 жылдың бірінші тоқсанында Комитет қалыптастырудың базалық шарттарына сәйкестігін қайта қарау (талдау) нәтижелері бойынша тиісті реттеуші актілерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу бойынша жұмыс жүргізді.
Қорытындысы бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы 36 нормативтік құқықтық актіге, оның ішінде кәсіпкерліктің 13 саласына қатысты өзгерістер енгізілді, бұл кәсіпкерлік субъектілері үшін әкімшілік тосқауылды төмендетуге және мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруға ықпал ететін талаптардың 30%-дан астамын қысқартуға мүмкіндік берді.
Бұдан басқа, сабақтас салалар бойынша ХСЭС саласында артық талаптар қысқартылды: «Денсаулық сақтау» саласында – 4,7%, «Құрылыс» саласында – 1,6%, «Құбыржол көлігі» саласында – 4%, «Қоймалау» саласында – 13%, «Көлік» саласында – 1%, «Автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу» саласында – 19,1%.