
Кеше Комитет төрағасы Нұрқан Сәдуақасовтың Астана медицина университетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 3-ші және 4-ші курс студенттерімен кәсіби бағдар беру сипатындағы кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты аудандық санэпидқызмет органдарына жұмысқа орналасу кезінде мемлекеттік қызмет туралы заңға енгізілген өзгерістерді түсіндіру болды.
Кездесу барысында ведомство басшысы студенттерге мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі туралы айтып берді, сондай-ақ оларға елдің санэпидқызметінің жұмысы туралы ақпарат берді.
Іс-шара соңында Комитет төрағасы студенттердің сұрақтарына жауап берді.