Алматы облысында «Кең ауқымды толықтыра иммундау!» ұранымен Еуропалық иммундау апталығының ашылуы өтті

Алматы облысында «Кең ауқымды толықтыра иммундау!» ұранымен Еуропалық иммундау апталығының ашылуы өтті

Алматы облысы бойынша барлық аудандық, қалалық деңгейде «Кең ауқымды толықтыра иммундау!» ұранымен Еуропалық иммундау апталығының ашылуы өтті.

Науқанның басты мақсаты – толық иммундаудың маңыздылығы туралы хабардар ету.

Иммундау апталығында ұсынылған мерзімдерде профилактикалық екпелерді алмаған адамдарға толықтыра вакцинациялауды ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

Жыл сайын әлем бойынша вакцинациялаудың нәтижесінде 3 миллиондай сәби өлімнен аман қалып, 750 мыңдай бала мүгедектіктен арылады. Вакцина бәрімізге толыққанды өмір сүруге үміт пен мүмкіндік береді. Бұл үшін бәріміз күресуіміз керек.

Иммундау нәтижесінде соңғы 15 жылда Алматы облысында вакцинамен басқарылатын аурулардың, оның ішінде қызамықтың 12 есе, эпидемиялық паротиттің 74 есе төмендеуі байқалды, бұл ретте қызылшаның, көкжөтелдің тұрақты төмен деңгейі сақталуда, ал дифтерия, полиомиелит инфекциялары соңғы 20 жылда тіркелмеген.

Вакцинациялау халық денсаулығын сақтауға, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес тұрғындарға 20 жұқпалы ауруға қарсы ақысыз жоспарлы түрде иммундау жүргізіледі.

Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың денсаулығы сіздердің қолдарыңызда! Балаларыңызға профилактикалық егулер арқылы инфекциялық аурулармен күресуге көмектесіңіз.