Кең ауқымды толықтыра иммундау!

Кең ауқымды толықтыра иммундау!

Биылғы жылы Еуропалық иммундау апталығы 23-29 сәуірде «The Big Catch Up» – «Кең ауқымды толықтыра иммундау» ұранымен өтеді. Бұл жолы біз вакцинация деңгейінің жалпы төмендеуіне, сондай-ақ балаларға вакцинация қажеттілігіне назар аударамыз.

Вакцинацияның арқасында бүкіл әлемде миллиондаған адамдардың өмірін сақтап, мүгедектіктен құтқаруға болады.

Қазақстанда вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы 30 жылда Ұлттық иммундау саясатының арқасында мынадай сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалды:

- көкжөтел – 300 еседен астам (1992 жылы 1 117 жағдайдан 2022 жылы бірлік жағдайларға дейін (3 жағ.);

- эпидемиялық паротит – 1000 еседен астам (1992 жылғы 11 075 жағдайдан 2022 жылы 11 жағдайға дейін);

- А вирустық гепатиті – 140 еседен астам (1992 жылы 45 196 жағдайдан 2022 жылы 317 жағдайға дейін);

- халық арасында В вирустық гепатиті 76 есеге төмендеді (1992 жылы 4799-дан 2022 жылы 63 жағдайға дейін).

Жекелеген жағдайларды тіркей отырып, сырқаттанушылықтың тұрақты төмен деңгейі сақталады:

- полиомиелит – 1992 жылғы 6 жағдайдан 1996 жылдан бастап нөл жағдайға дейін;

- дифтерия – 1992 жылғы 45 жағдайдан 2009 жылдан бастап нөл жағдайға дейін;

- сіреспе – 1992 жылы 11 жағдайдан 2022 жылы нөл жағдайға дейін;

- қызамық – 1992 жылы 16 775 жағдайдан 2022 жылы нөл жағдайға дейін.

Адамның денсаулығы өз қолында екенін және жұқпалы аурулар бөлігінде қоршаған ортаға да байланысты екенін есте ұстаған жөн. Арнайы профилактикасыз аурудың ықтималдығы өте жоғары, сондықтан ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті барлығын өз денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығына қамқор болуға, Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес егулерді уақытында алуға шақырады.

Екпелер бойынша ақпаратты https://egu.kz/ сайтында ала аласыз.