
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялауды енгізу көзделген.
Ағымдағы жылы АПВ-ға қарсы вакцинациялауды енгізу бойынша дайындық жұмыстарын бастау жоспарлануда.
Осыған байланысты бүгін Астанада ҚР Халықты иммундау жөніндегі консультативтік комиссиясының бірлескен техникалық кеңесі және пәндік саладағы мамандардың қатысуымен АПВ-ға қарсы вакцинаны енгізу жөніндегі республикалық жұмыс тобының отырысы өтті.
Қатысушылар АПВ-ға қарсы вакцинаны енгізу жоспарының жобасын қарастырды, әртүрлі елдердің тәжірибесін талдады, АПВ-ға қарсы вакцинаны енгізудің заманауи тенденцияларын талқылады.
Нысаналы аудиторияға бағытталған коммуникацияның алдын-ала стратегиясын жекелей талдады.
Іс-шара қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленді, соның негізінде АПВ-ға қарсы вакцинаны енгізу жоспарының жобасы пысықталатын болады.