
Аскаридоз – паразиттік ауру, онымен ағзаларында дөңгелек құрттар пайда болатын адамдар сырқаттанады, кейіннен паразиттер ас қорыту жолдарының зақымдалуына, әртүрлі аллергиялық реакциялардың дамуына әкеледі. Ауыр асқынулар және аурудың созылмалы ағымы болуы мүмкін.
Жұқтыру көзі – тек адам.
Аскаридоздың себептері – бұл жуылмаған қолдар, нашар жуылған көкөністер (көбінесе аскөктерді) және жәндіктердің жұмыртқаларды тасымалдауы арқылы жұқтыру. Жұмыртқаның механикалық тасымалдаушылары шыбындар, тарақандар болуы мүмкін.
Аскариданың аналықтары тірі ағзада күніне 230 мыңнан астам нәжіспен бірге жерге түсетін жұмыртқа салады. Дернәсіл топырақта дамуы үшін қолайлы температура мен ауа ылғалдылығы қажет. Мәселен, 25-30°С-де жұмыртқа 17 күнде пісіп жетіледі. Ал 13-20°С кезінде бұл процесс төрт аптадан алты аптаға дейін созылады.
Төменірек температурада дәрнәсілдің дамуы тоқтайды, бірақ ол өлмейді. Егер болашақта қолайлы жағдай пайда болса, ол әлі де адамға аскаридозды жұқтыра алатындай жағдайда болады.
Қарапайым алдын алу шаралары аскаридтерді жұқтыру қаупін азайтуға көмектеседі:
1) тамақ алдында қолды жуу, тырнақты тістемеу;
2) көкөністерді, жемістерді, жидектерді және аскөктерді ағынды сумен мұқият жуу (мүмкіндігінше қайнаған сумен);
3) тек қайнаған суды ішу;
4) пәтерге жиірек ылғалды тазалау жүргізу;
5) бақшадағы және даладағы өнімділікті арттыру үшін адам экскременттерін қолданбау;
6) шыбындар мен тарақандарға қарсы күрес жүргізу.
Көріп отырғанымыздай, аскаридоздың алдын алу өте қарапайым және ауруды емдеу үшін тексеруден және емдеу мен бақылау талдауларынан өтуге уақыт пен қаражатты жұмсамай-ақ ауруды болдырмауға болады. Оның үстіне аскаридтерді жұқтыру бірқатар күрделі асқынуларға алып келеді. Сондықтан балаларға балалық шақтан жеке бас гигиенасын сақтауға үйрету және бүкіл отбасы үшін алдын алу шараларын үнемі жүргізу маңызды.