Денсаулық сақтау саласындағы коммуникацияны жоспарлаудың жаңа құралдары зерделенді

Денсаулық сақтау саласындағы коммуникацияны жоспарлаудың жаңа құралдары зерделенді

17-21 сәуір аралығында Алматы қаласында ДДҰ Еуропалық бюросының қолдауымен «Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларда тәуекелдер туралы хабардар ету және халықпен өзара іс-қимыл жасау» атты Субөңірлік семинар өтті.

Семинар жұмысына Орталық Азия елдерінің денсаулық сақтау министрліктерінің, ДДҰ Еуропалық бюросының, «Қызыл Жарты Ай қоғамы» ҚБ және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар PESTEL талдау форматында ТЖ кезіндегі тәуекелдер және халықпен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша коммуникацияны жоспарлаудың жаңа тәсілдерін зерделеді.

Атап айтқанда, олар PESO моделі аясында аудитория мен қоғамдық пікір көшбасшыларының сегменттелуін ескере отырып, тиімді байланыс арналарын талдады.

Семинардың теориялық аспектілері тренинг форматындағы практикалық тапсырмалармен күшейтілгенін атап өткен жөн.

Іс-шараның шарықтау шегі ДДҰ әзірлеген платформада қатысушылар коммуникацияны, оның ішінде инфодемияны басқаруды жоспарлау, сондай-ақ ТЖ кезінде ден қою шараларын өлшеу және бағалау дағдыларын игерді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға ДДҰ сертификаттары табысталды.