Безгек – өте қауіпті!

Безгек – өте қауіпті!

Безгек (Plasmodium) қызбамен, көк бауыр мен бауырдың ұлғаюымен, қан аздықпен сипатталатын, өлімге әкелетін қауіпті ауру болып қала береді.

Безгектің тасымалдаушысы – масалар, ағысы баяу тоғандарда, су қоймаларында, батпақтарда, өзеннің ескі арналарында өсіп, көбейеді. Азия, Африка, Латын Америка елдеріне туристік сапарға белсенді шығу инфекцияның пайда болу қаупін жоғарылатады, ал біздің еліміздегі климаттық жағдай анофелес масаларының өсіп-өнуіне ешқандай кедергі келтірмейді.

Жұқпаны жұқтырған сәттен бастап, жұқпаның бірінші клиникалық көріністерінің пайда болу мерзімінің ұзақтығы 8 күннен 10 айға дейінгі аралықты құрайды. Бұл адамның иммунитетіне, қоздырғыштың түріне байланысты.

Безгектің әдеттегі белгілері: қызба, қалтырау, буынның ауруы, құсу, қан аздық. Сондай-ақ бауыр және көк бауырдың ұлғаюы, шыдатпайтын бас ауруы байқалуы мүмкін. Әсіресе балалар мен жүкті әйелдер үшін қауіпті. Диагноз қан жұғындыларында паразиттерді анықтау арқылы қойылады.

Безгектің жеке алдын алуда қорғаныстың алғашқы деңгейі масалардың шағуынан жеке қорғану – москит торларын қолдану болып табылады, үй ішінде инсектицидтерді бүрку, дененің ашық жерлерін репелленттермен емдеу.   

Безгектің алдын алуда безгекке қарсы дәрілік заттар қолданылады. Сапарға шығатын адамдар арасында безгектің алдын алуды қандағы безгек инфекциясын басатын, осылайша аурудың дамуына жол бермейтін дәрі-дәрмектермен жасауға болады. 

Безгек жұқпасы бойынша қолайсыз елден оралғаннан кейін 3 жыл ішінде кез келген дене қызуы көтерілген жағдайда, безгекке тексерілу үшін тез арада медициналық ұйымға қаралып, дәрігерге хабарлауды ұмытпаған жөн. 

Сырқаттанушылықтың алдын алу мақсатында эпидемиологиялық қадағалау жүргізіледі. Тасымалдаушылармен (масалармен) күресу безгектің алдын алудағы ең тиімді шара болып табылады. Жетісу облысында Алакөл, Қаратал, Панфилов аудандары мен Талдықорған қаласында анофелогенді су айдындары бар. Жыл сайын осы су айдындарына өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл безгектің берілуін жоғарғы деңгейден мүлдем жойып жіберуге дейін төмендететін жалғыз шара.

Ағымдағы жылы су айдындарында 3 кезеңнен тұратын өңдеу жұмыстары 2, 3 жастағы дернәсілдердің пайда болуына қарай және ауа райы жағдайына байланысты  мамыр-тамыз айлары аралығында жүргізіледі. Өңдеу жұмыстарын дайындықтан өткен, қажетті құрал жабдықтармен жабдықталған бригадалар арнайы белгіленген аймақтарда жүргізеді.