
Көктем мезгілі келісімен саңырауқұлақтарды жинау уақыты да келеді. Саңырауқұлақтарды ұнататын жандар жаңа саңырауқұлақтарды жинауға барады. Саңырауқұлақтар – бұл жоғары тағамдық қасиеттері бар құнды тағам, бірақ жаңа саңырауқұлақтарды дұрыс таңдамасаңыз, олар жіті тамақтан улануды тудыруы мүмкін.
Саңырауқұлақтармен уланудың негізгі себептерінің бірі – жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарды дұрыс тани алмау, сондай-ақ тағамдарды дұрыс дайындамау. Айта кету керек, ескірген саңырауқұлақтардың пайдаланылуына байланысты тіпті жеуге болатын саңырауқұлақтар да улануды немесе асқазан-ішек жолдарының бұзылуын тудыруы мүмкін. Жеуге жарамды саңырауқұлақтарды дұрыс сақтамау улануға әкелуі мүмкін, өйткені саңырауқұлақтар тез бұзылатын тағамға жатады.
Жеуге болатын саңырауқұлақтар жеуге жарамды және шартты түрде жеуге жарамды болып бөлінетінін атап өту керек. Жеуге жарамды саңырауқұлақтарды тағамдарға қосымша және алдын ала өңдеусіз жеуге болады, олардың дәмі ащы емес және жағымсыз иісі жоқ. Жеуге жарамды саңырауқұлақтарға ақ саңырауқұлақ және оның түрлері жатады: терекқұлақ, бал саңырауқұлағы, қарасаңырауқұлақ, майқұлақ, түлкішек, қозықұйрық. Шартты түрде жеуге жарамды саңырауқұлақтар, мысалы, қатпаршақ, қозықыран, ащы саңырауқұлақ, сарғыш саңырауқұлақ тамаққа пайдаланар алдында арнайы аспаздық өңдеуді қажет етеді, оларды дайындағанда қайнатпасын төгіп тастап пісіріледі. Саңырауқұлақтарды алюминий немесе мырыш ыдыстарында маринадтауға және тұздауға қатаң тыйым салынады – бұл уланудың себептерінің бірі болуы мүмкін.
Саңырауқұлақтармен уланудың алдын алу және болдырмау үшін саңырауқұлақтарды жинау мен дайындаудың негізгі қағидаларын есте сақтаңыз:
- сіз білетін немесе олардың жеуге болатындығына күмәнданбайтын саңырауқұлақтарды ғана жинаңыз;
- автомобиль жолдары мен теміржолдар бойындағы саңырауқұлақтарды жинамаңыз, өйткені оларда канцерогенді заттар жиналады, тот басқан немесе ескі және бүлінген саңырауқұлақтарды жинауға болмайды;
- қатты пісіп кеткен және құрттаған саңырауқұлақтарды жеуге болмайды;
- егіз саңырауқұлақтардың бар екенін есте ұстағаныңыз жөн – олар улы, жеуге жарамсыз және сыртқы түрі жеуге жарамды болып көрінеді. Мәселен, улы шайтан саңырауқұлағы мен жеуге болмайтын өт саңырауқұлағы ақ саңырауқұлақтарға ұқсас, бозғылт арамқұлақ пен қоңыр-қызғылт қолшатыр саңырауқұлақтары қозықұйрықтарға ұқсас болып келеді. Жеуге болатын бал саңырауқұлақтарын улы бал саңырауқұлақтарынан ажырата білу керек: жалған бал саңырауқұлағы жеуге жарамды жері аз, жұқа және пленкасы жоқ. Қақпағында үлпілдегі болмайды. Қақпақтың төменгі бетіндегі пластина жасыл-сұр түсті. Жалған саңырауқұлақтың сабағында манжет немесе сақина жоқ.
- жекеленген түрлер бойынша сұрыпталған саңырауқұлақтарды жинаңыз, ешқандай жағдайда саңырауқұлақтардың әртүрлі түрлерін араластыруға болмайды.
Уланудың алдын алу үшін саңырауқұлақтарды дұрыс өңдеу және сақтау қажет:
- Жаңа саңырауқұлақтарды ұзақ уақыт сақтауға болмайды. Олар өздерінің дәмін тез жоғалтады және нашарлайды, сондықтан саңырауқұлақтар жиналған күні өңделуі керек. Жаңа саңырауқұлақтардың ең көп сақтау мерзімі 10 градустан аспайтын температурада 18-24 сағат. Барлық жеуге болатын саңырауқұлақтарды пісірер алдында тұзды суға 5-7 минут қайнатып, содан кейін сорпаны төгіп тастау керек.
- Құрғақ саңырауқұлақтарды құрғақ, жақсы желдетілетін жерлерде сақтау керек.
- Консервіленген саңырауқұлақтарды белгісіз жерлерден және белгісіз өндірістерден сатып алмаңыз.
Саңырауқұлақтармен, тіпті жеңіл түрде уланған жағдайда, дереу медициналық мекемеге бару керек. Өзін-өзі емдеуге қатаң тыйым салынады! Шарасыз жағдайда, егер сіздің орналасқан жеріңізден медициналық пункт алыс болса, онда медицина қызметкерлері келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсету керек – асқазанды шайып, ішекті тазарту қажет.
Улануға әкеп соққан саңырауқұлақтардың қалдықтары дәрігерге зерттеу үшін берілуі керек, бұл кейінгі емдеуді жеңілдетеді.