Жедел медициналық көмек ұлттық үйлестіру орталығының мәліметі бойынша, топқа реанимация, пульмонология және жұқпалы аурулар бөлімшелерінде тәжірибесі бар жетекші республикалық медициналық ұйымдардың ең жақсы мамандары кіреді:
- Капышев Тимур - Педагогикалық шеберлік орталығының директоры
- Муканова Ирина - медицина ғылымдарының докторы, пульмонолог, «Астана медицина университеті» АҚ профессоры
- Құлжанова Шолпан - «Астана медицина университеті» АҚ жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі
- Тасболатов Асхат - Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталықтың реанимация бөлімінің маманы
- Литвинова Лия - Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталықтың клиникалық фармакологы
- Оспанов Біржан - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жедел медициналық көмек ұлттық үйлестіру орталығының директоры
- Жаркинбеков Бақыт - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жедел медициналық көмек ұлттық үйлестіру орталығының ахуалдық орталығының жетекшісі
- Ағыбаев Гумырбек - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жедел медициналық көмек ұлттық үйлестіру орталығының реаниматологы.
Коронавирустық инфекциясы бар науқастарға уақтылы медициналық көмек көрсету жағдайын бақылау үшін COVID-19 бар науқастар туралы мәліметтерді жинау және өңдеу жүзеге асырылатын орталық құрылды.