2023 жылдың 3 айындағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы санитариялық-карантиндік бақылау

2023 жылдың 3 айындағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы санитариялық-карантиндік бақылау

2023 жылдың 3 айында санитариялық-карантиндік бақылау жүргізу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына 16 647 көлік келді, оның ішінде темір жол – 6 516, әуе – 6 078 және теңіз – 4 053.

Санитариялық-карантиндік бақылау 844 785 жолаушы мен экипаж мүшелерін қамтыды.

2023 жылдың 3 айында жүргізілген санитариялық-карантиндік бақылау барысында дене қызуы көтерілген 6 жолаушы анықталды, оның ішінде 3 адам жұқпалы ауруға күдікпен ауруханаға жатқызылды.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында тұрғындардың ақпараттандырылуын арттыру мақсатында әуежайлар, темір жол, шекара және кеден қызметтерінің өкілдерімен, медицина қызметкерлерімен 35 семинар-кеңес өткізілді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында аса қауіпті және карантиндік инфекциялардың елге әкелінуіне жол бермеу мақсатында жақын және алыс шетелдерден келетін адамдарға міндетті түрде байланыссыз термометрия жүргізе отырып, оларды санитариялық-карантиндік бақылау жалғасуда.