Құтырма – адамдар үшін қауіпті ауру!

Құтырма – адамдар үшін қауіпті ауру!

Құтырма – табиғи-ошақты аса қауіпті, өлімге әкелетін ауру. Жұқпалы аурулардың ішінде құтырма абсолютті өлімге байланысты ерекше орын алады (егер алғашқы сағаттарда жұқтырған адамға қажетті көмек көрсетілмесе, ол сөзсіз қайтыс болады). Құтырма – бұл емделмейтін ауру, өлім тыныс алудың салдануынан және жүрек қызметінің төмендеуінен болады. Адам толық санада және қорқынышты азапта өледі.

Табиғи резервуар – кеміргіштер. Үй жануарлары ауру жабайы жануарлармен байланыста болғаннан кейін құтырманы жұқтырады. Инфекцияның тасымалдаушысы тек үй жануарлары мен ауылшаруашылық жануарлары ғана емес, жарқанаттар да болуы мүмкін. Инфекция көзі болып табылатын негізгі жануарлар жабайы жануарлардан – қасқыр, түлкі, қорқау қасқыр, енот тәрізді ит, сасықиісті, жарқанат пен кеміргіш, үй жануарларынан – ит пен мысық. Адамдардың құтырмамен ауруы негізінен ауру жануарлардың тістеуінен және сілекейімен пайда болады.

Вирус сілекеймен жараға еніп, жүйке жолдары арқылы қозғалады және орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Инфекция уақытынан бастап аурудың белгілері пайда болғанға дейін бірнеше күннен бір жылға дейін созылуы мүмкін. Жануарларды шағып алған барлық адамдар тістеген жерді дереу сабынмен және сумен 15-20 минут ішінде (кем дегенде) жууы керек, жараның шеттерін 70% спиртпен немесе 5% йод тұнбасымен өңдеп, құтыруға қарсы иммундау тегін жүргізілетін медициналық мекемеге мүмкіндігінше ертерек жүгіну керек.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес иттерді байлауда, питомникте немесе қоршауда ұстау керек, серуендеуге қарғыбаумен шығару керек. Үй жануарларының қаңғыбас иттермен және инфекция көзі болуы мүмкін жабайы жануарлармен байланысына жол бермеу керек. Барлық иттер құтыруға қарсы екпе алу қажет.

Құтырмаға қарсы емдеу жоқ. Ауруды тек вакцинация арқылы болдырмауға болады! Профилактикалық егулер ауыртпалықсыз және жеңіл түрде өтеді. Вакцинация кезеңінде ақуыздар мен дәрумендерге бай күшейтілген тамақтану ұсынылады, суықта тоңудан, қызып кетуден, дененің шамадан тыс шаршауынан, сонымен қатар алкогольді ішімдіктерден аулақ болу керек.

Вакцинациялардың тиімділігі олардың уақтылығына байланысты. Әрбір өткізіп алған күн – өлім қаупі! Сақ болыңыздар!