Алматыда балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру жолдарын талқылау бойынша көшпелі кеңес өтуде

Алматыда балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру жолдарын талқылау бойынша көшпелі кеңес өтуде

2023 жылғы 13-14 сәуір аралығында Алматы қаласында балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру мәселелері бойынша көшпелі кеңес өтіп жатыр.

Кеңеске облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, балалар стационарларының басшылары және алғашқы медициналық-санитариялық көмек үйлестірушілері қатысуда.

Кеңестің негізгі мақсаты – балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша ағымдағы жағдайды талқылау, проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын анықтау.

Аталған кеңесте Комитеттің Өндірістік, радиациялық қауіпті және коммуналдық объектілерді санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқармасының бас сарапшысы Елена Шаймұратқызы Такамбаева «2022 жылғы тексеру қорытындылары бойынша денсаулық сақтау объектілерінің санитариялық-гигиеналық жай-күйі» атты баяндамасымен сөз сөйледі.