
2023 жылдың бірінші тоқсанында қоршаған ортаның санитариялық-эпидемиологиялық мониторингісі бойынша атмосфералық ауаны зерттеулердің саны 2,4 есеге өсті.
Қазақстан бойынша атмосфералық ауа сынамаларын іріктеудің 2418 бақылау нүктесі анықталды. Бақылау нүктелері тұрғын аймаққа жақын орналасқан магистральдық автожолдар бойындағы қоныстану аймағында анықталды.
Атмосфералық ауаны бақылауды «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК зертханаларының маршруттық посттары жүзеге асырады
2023 жылдың 1 тоқсанында «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалдарының зертханалары атмосфералық ауаның 45 876 сынамасына зерттеулер жүргізді, оның ішінде 970 сынамадан (3,0%) шекті көрсеткіштен асып кету анықталды.
Атмосфералық ауаның сәйкес келмейтін сынамаларының ең үлкен үлес салмағы Астана (11,0%) және Алматы (16,0%) қалаларында байқалады.
Мегаполистердегі атмосфералық ауаның шаң, күкірт диоксиді, көмірқышқыл газы, азот диоксиді сияқты ластаушы заттармен ластануының жоғары деңгейі мыналарға байланысты екенін атап өткен жөн: қалалық көліктегі жолдардың кептелуі, автокөліктің бензин және дизель отынының көп компонентті шығарындылары, жеткіліксіз газдандыру, отынның толық жанбаған өнімдерінің шығарындылары (ЖЭО) және т.б.