
2020 жылғы 25-28 ақпан аралығында «Ашық НҚА» порталында «on-line» режимінде ерікті және міндетті мүшелікке негізделген санитариялық-эпидемиологиялық аудит қызметі бойынша өзін-өзі реттеуді енгізу мәніне реттеушілік әсерді талдау жобасын (бұдан әрі – РӘТ жобасы) қоғамдық талқылау өткізілді.
«Ашық НҚА» порталында онлайн талқылау нәтижелері бойынша РӘТ жобасы бойынша ұсыныстар мен ескертулер келіп түскен жоқ (есеп қоса беріледі).