
Бүгін Комитетте жұқпалы ауруларды қадағалау жөніндегі бейінді басқармалардың ұйымдастыруымен Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері мен басқармаларының эпидемиолог мамандарына санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ олардың күнделікті қызметінде туындайтын мәселелерді түсіндіру мақсатында семинар өткізілді.
Семинар барысында халық арасында жұқпалы және паразиттік ауруларды тергеп-тексерудің өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, вакцинамен басқарылатын инфекциялар мен иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер жағдайларын қарастыру ерекшеліктері ұсынылды. Сонымен қатар, өңірлік департаменттердің мамандары жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалауға қатысты басқа да сұрақтарына жауап алды.
Оқыту семинарына облыстық және аудандық деңгейлердегі 24 ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары қатысты.