
11 сәуірде Ұлттық сараптама орталығының (ҰСО) базасында Комитеттің Ішкі қауіпсіздік басқармасының бастамасымен «Профилактикалық дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау қызметтерін көрсетуге арналған конкурстарға қатысудың заңнамада белгіленген тәртібін сақтау» тақырыбында онлайн кеңес өткізілді. Іс-шараға ҰСО филиалдарының директорлары және дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау қызметтерін көрсететін жеке бизнес субъектілері қатысты.
Кеңеске ҰСО төрағасының орынбасары - Басқарма мүшесі Т.О. Сүйіндіков, ҰСО департаменттерінің басшылары, Ұлттық инновациялар және кәсіпкерлік орталығының Бас директоры А.К. Жақыпов, сондай-ақ жеке бизнес өкілдері Б.Г. Қуанышбеков және А.И. Артықбаева қатысты.
Іс-шарада профилактикалық дезинфекциялау, дератизациялау және дезинсекциялау бойынша бір көзден алу тәсілімен ҰСО-ның мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау мәселелері көтерілді. Кеңеске қатысушылардың назары мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы және басқа да НҚА-ны қатаң сақтау мәселесіне ерекше аударылды.
Кеңеске қатысушылар талқылауға белсенді қатысты, мүдделі тұлғалардың міндетті түрде орындауы үшін хаттама түрінде ресімделетін нақты ұсыныстарды енгізе отырып, проблемалық мәселелерді көтерді.