Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды

Бүгін Комитетте ZOOM платформасы арқылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігі. Департамент қызметіндегі жемқорлық тәуекелдерін анықтау» тақырыбында аумақтық департаменттермен кеңес өткізілді.

Іс-шара ҚР ДСМ СЭБК Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Ж.А.Халеловтің төрағалығымен өтті, оған барлық аумақтық департаменттердің басшылары мен қызметкерлері қатысып, СҚО, Қостанай, Павлодар, Ақмола департаменттерінің басшылары өздерінің атқарған жұмыстары туралы баяндады.

Кеңесте осы саладағы бұзушылықтар (қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік) үшін заңда көзделген жауаптылықты кеңінен аша отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері көтерілді.

Іс-шараға қатысушылардың басты назары ашықтық, сыпайылық және сатылмаушылық сияқты мемлекеттік қызметтің парасаттылық қағидаттарына аударылды.

Азаматтардың билік органдарына сенімін арттыру үшін адал, лайықты мемлекеттік қызметшілерді кеңінен насихаттай отырып, мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту мәселесі ерекше назар аударуды қажет етеді.

Кеңес қорытындысы бойынша аумақтық департаменттердің басшыларына осы бағыттағы жұмысты күшейту тапсырылды.