
Бүгін Алматыда ҚР ДСМ ҰҚДО Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының филиалында туберкулезге қарсы күрес айлығын өткізу шеңберінде «Қазақстан Республикасындағы туберкулездің эпидемиологиялық жағдайының және алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, оның аумақтық департаменттерінің және ДСМ басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері қатысты.
Іс-шарада әлемдегі және ҚР-дағы туберкулез бойынша эпидемиялық жағдай, ДДҰ-ның Еуропалық өңірдегі туберкулезге қарсы күрес жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған жоспарлары, END/TB стратегиясының 2025 жылға арналған туберкулез индикаторларының нысаналы көрсеткіштері талқыланды және келешекте іске асырылатын нақты шаралар белгіленді, сондай-ақ ҚР-дағы туберкулезге қарсы іс-шараларды іске асыруды мониторингілеудің және бағалаудың қорытындысы бойынша проблемалық мәселелер айқындалды. Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар АИТВ-инфекциясы мен АИТВ/ТБ таралуы бойынша жағдайды және Қазақстан Республикасында оның алдын алу бойынша қабылданып жатқан шараларды қарастырды.
Дөңгелек үстелге барлығы 164 адам қатысты.