
2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.
Мажоритарлық жүйенің элементтері бар сайлаудың жаңа форматы бір уақытта сайлау учаскесінде көп адамның болуын болжайды.
Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын болдырмау мақсатында мынадай алдын алу шараларын сақтау ұсынылады:
- бір адамға кемінде 4 ш.м. есебінен үй-жайдың толымдылығын ескере отырып, олардың топталып жиналуына жол бермей, сайлау процесіне қатысушылардың ағынын реттеу;
- желдету/ауаны баптау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі немесе дауыс беру басталар алдында және қажет болған жағдайда күні бойы үй-жайды тұрақты желдету;
- дауыс беру басталар алдында және қажет болған жағдайда күні бойы жуу құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды және барлық жұмыс орындарын дезинфекциялау арқылы ылғалды жинау жүргізу.