
2023 жылдың 2 ай көлемінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы 10 008 көлік құралы, соның ішінде – 3 916 теміржол, 3 789 әуе және 2 303 теңіз көліктері келген.
Халықаралық рейстермен келген 510 186 жолаушы және экипаж мүшелері санитариялық-карантиндік бақылаумен қамтылды.
Шекарадан келген адамдарды санитариялық-карантипндік бақылау барысында 2023 жылдың 2 айы ішінде дене қызуы жоғары және жұқпалы ауруларға күдікті 5 жолаушы анықталды, ауруханаға жатқызылғаны – тіркелмеді.
Аталған кезеңде әуежай, темір жол, шекара және кеден қызметтерінің өкілдерімен, медицина қызметкерлерімен 16 семинар-кеңес, коронавирустық және карантиндік инфекциялардың алдын алу бойынша 11 750 буклет, жадынамалар, парақшалар таратылды.
Қазақстан Республикасының аумағына аса қауіпті және карантиндік инфекциялардың әкелінуіне жол бермеу мақсатында қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында алыс және жақын шетелдерден келетін адамдарға міндетті түрде байланыссыз термометрия жүргізу жалғасуда.
Сондай-ақ әлемде жоғарылап өсіп келе жатқан қызылша және тырысқақ аурулары бойынша санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда Қазақстанда қызылшаны жұқтырудың 20 жағдайы тіркелді, оның 6-сы – әкелінген (5-і Түркиядан, 1-і Қырғызстаннан), ал тырысқақ жағдайы тіркелген жоқ.