
Бүгін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараны құттықтау сөзімен Комитет төрағасы Нұрқан Сәдуақасов ашты, ол аяулы ханымдарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтай отырып, денсаулық, бақыт, байлық және жұмыста мол табыстар тіледі.
Іс-шара мерекеге арнайы дайындалған бейнероликті тамашалаумен, сондай-ақ қызметте елеулі жетістіктерге жеткен әріптестерді марапаттау рәсімімен жалғасты.
Атап айтқанда, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 16 шешімімен «Еуразиялық экономикалық одақты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен Азық-түлік емес тауарлардың техникалық регламенттерін бақылау басқармасының басшысы Розалина Ермекпаева марапатталды.
Мерекелік іс-шара әріптестердің естелікке суретке түсуімен аяқталды.