
ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өнімдер қауіпсіздігі мониторингісі шеңберінде 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында Ақтөбе облысының сауда желілерінен барлығы 502 өнім сынамасын сатып алды, оның 65 сынамасы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмегендігі анықталды, бұл 12,9% - ды (отандық өндірушілер - 16 (24,6%), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер - 33 (50,8%), басқа елдер - 16 (24,6%) құрады. Соның ішінде, тағам өнімдерінің 383 сынамасы алынып, зерттелді, техникалық регламенттердің талаптарына 48 сынама сәйкес келмегендігі анықталды, бұл 12,5% - ды құрады (отандық өндірушілер - 16 (33,3%), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер - 28 (58,3%), басқа елдер - 4 (8,3%), сәйкес келмегендердің басты пайызы өнімдердің таңбалауы бойынша болып отыр, яғни ол 79,1% құрап, 38 сынама болып отыр, 2 кезекте физико-химиялық көрсеткіштер бойынша 10,4% немесе 5 сынама, содан соң микробиологиялық көрсеткіштер бойынша – 8,3% (4 сынама) және 2,0% (1 сынама) қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сәйкес келмеді.
Анықталған бұзушылықтар бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы 19 ұйғарым берілді.
Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша техникалық регламенттер талабына сәйкес келмеген 2 кг құс еті өнімі Ақтөбе қаласында сауда объектілерінен алынып, жойылды.
Сәйкестілік декларациялары бойынша 8 іс-құжат Ақтөбе облысы техникалық реттеу және метрология департаментіне жіберілді. Тағам өндіруші кәсіпорындарға- 3 және Қазақстанда өімдер бойынша наразылықтар қабылдайтын -2 мекемеге тиісті шаралар жүргізу үшін хаттар жолданды.
Бизнес субъектілеріне техникалық регламенттер бойынша 12 семинар және «Атамекен» Ұлттық Палатасы Ақтөбе өңірлік филиаланда 1 дөңгелек үстел өткізілді.
Ақтөбе облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті