
Өткен аптада Астана қаласында Мемлекеттік басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының конференциялық отырысы өтті.
«Жаңа Қазақстан: жастар саясатының үздігі» атты республикалық байқауының I дәрежелі жеңімпаз атағына ие болғаны үшін және Қазақстан Республикасы Жастар саясатының дамуына қосқан үлесі мен қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, көшбасшылық қабілетін көрсете білгені үшін Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өнеркәсіп, радиациялық қауіпті объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы Айнабай Томирис Мәдиқызы арнайы төсбелгімен марапатталды.
Құттықтаймыз!