Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа форматы

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа форматы

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Комитет тұрақты негізде іс-шаралар өткізеді.

Осындай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың бірі жаңа форматта кеше Астана қаласындағы «Керуен» СОО «7» кинопаркінде өтті. Отандық «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы вакцина» фильмін ұжыммен бірге көру сәті түсті.

Прокатқа шыққан күннен бастап фильм республика азаматтарының үлкен қызығушылығын тудырды, ол адамзаттың өзекті әрі күрделі проблемасы – сыбайлас жемқорлықты қозғайды.

Отандық құқық қорғау органдары вирусологтармен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресіп, бірі сыбайлас жемқор болу пиғылынан бас тартқызатын, екіншісі, керісінше, пара алуға итермелейтін екі вакцина ойлап тапқан қызықты сюжеттері бар туындыны Комитеттің 33 адамнан тұратын ұжымы шабыттана тамашалады.

Жанға жайлы көрсетілімнен кейін ұжым өзі үшін пайдалы қорытынды жасады: ешқашан сыбайлас жемқорлық әрекетін жасамау, материалдық құндылықтардың құрсауына түспеу, керісінше мемлекеттік функцияларды адал орындау, заңды қатаң сақтау, отбасылық құндылықтарды қолдау.

Толығырақ мына бейнероликтен біле аласыздар:

https://fb.watch/iZl5slgpZA/