Қарағанды облысында 2022 жыл бойынша атмосфералық ауа жағдайы туралы

Қарағанды облысында 2022 жыл бойынша атмосфералық ауа жағдайы туралы

Қарағанды облысы республиканың ең ірі өнеркәсіптік облыстарының бірі болып табылады. Бұл ретте, облыстың өнеркәсіптік әлеуеті қоршаған ортаға техногендік әсер ете отырып, өсуін жалғастыруда. Өңірдің қоршаған ортасының негізгі ластаушылары –  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС металлургия кешенінің кәсіпорындары, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындары, шахталар, құрылыс материалдарын өндіру, жылу энергиясын өндіру кәсіпорындары болып табылады. Сонымен қатар, автокөліктерінен және жеке сектордың пешпен жылытудан шығарындылары да байқалады.  

Комитеттің аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары атмосфералық ауаға тұрақты санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізеді және атмосфералық ауаның сапалық құрамына зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізу үшін «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының қызметкерлері тартылады. Сараптама 28 ингредиент бойынша жүргізіледі, оның ішінде қауіптіліктің I-II класы – 12. Ауа бассейнін ластаушылардың зерттелетін тізбесіне шекті рұқсат етілген концентрацияға (ШРК) жақын немесе одан асатын концентрациядағы тұрақты және стационарлық емес ластану көздерінен тұрақты түрде болатын немесе келіп түсетін химиялық заттар кіреді.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары атмосфераға зиянды заттар шығарындыларының көздері бар кәсіпорындарды шаң-газ тазарту құрылыстарының шығарындылары мен жұмыс тиімділігін есепке алу бойынша өндірістік зертханалық бақылау жүргізе отырып бақылайды.                  

2022 жылдың қорытындысы бойынша облыс бойынша атмосфералық ауаның 29 203 сынамасы, өткен жылдың ұқсас кезеңінде - 21 400 сынама зерттелді. Оның ішінде ШРК – 826 сынамада асып, бұл 2,8% құрады (2021 жылы – 3,6%).

ШРК-дан асатын атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың пайызы Қарағанды қ. Қазыбек би атындағы ауданында – 4,5%, Қарағанды қ. Ә.Бөкейхан ауданында және Теміртау қ. – 3%. ШРК-дан жоғары атмосфералық ауаның ингредиенттерін күйе, өлшенген заттар (шаң), азот диоксиді, көміртегі тотығы және аммиак құрайды.    

Экологияның өмір сапасы мен денсаулық жағдайына әсері болғандықтан, мәселені мүдделі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы деңгейінде жан-жақты шешу қажет.

Барлық сәйкес келмейтін сынамалар бойынша жергілікті атқарушы органдарға, Экология департаментіне Қарағанды облысының елді мекендерінің ауа бассейнін жақсарту жөнінде шаралар қабылдау үшін ақпарат жолданды.