Қарағанды қаласының Бұқпа өзеніне ағынды сулардың төгілу мәселесі бойынша ресми хабарлама

Қарағанды қаласының Бұқпа өзеніне ағынды сулардың төгілу мәселесі бойынша ресми хабарлама

Аталған мәселе бойынша тексерудің басталғаны туралы бұған дейін хабарланған болатын.

Бүгінгі күні Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының СЭБ басқармасы «Қарағанды Су» ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында Кіші Бұқпа өзенінде ағынды сулардың төгілу фактісі расталды, осы ауданның сызбасын зерделеу кезінде «Қарағанды Су» ЖШС-ның су құбыры және кәріз желілерінің қиылысуы анықталмады. Басқарма мамандары су ағызу ауданындағы жақын маңдағы объектілерге барып, кәсіпкерлермен жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізді.

Жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша «Қарағанды Су» ЖШС-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігінде ағынды суларды ағызғаны және апатты жою жоспарының болмағаны үшін 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

«Қарағанды Су» ЖШС басшылығына нақты іс-шараларды және оны орындау мерзімдерін айқындай отырып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама дайындалып, табыс етілді.

Қазіргі уақытта «Қарағанды Су» ЖШС №10 кәріз коллекторындағы апатты жою бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Осы мәселенің ерекше маңыздылығын ескере отырып, ақпарат Қарағанды қаласы әкімінің аппаратына және облыстың Экология департаментіне қалыптасқан жағдайдағы проблемаларды шешу және шаралар қабылдау үшін жіберілді, себебі бұл жағдай ішек инфекцияларының және паразиттік аурулардың туындауына әкелуі мүмкін.

Мәселе Қарағанды облысының санэпидбақылау департаментінің бақылауында.