
Бүгін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Нұрқан Сәдуақасов Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің профессоры Лиза Лиммен кездесті.
Кездесу барысында тараптар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қоғаммен байланыс орнатудың өзекті мәселелерін талқылады.
СЭБК Жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы Жасұлан Алпысбаев Комитеттің жеке және заңды тұлғалармен, аумақтық органдармен, БАҚ-пен және басқа да мүдделі тараптармен байланыс саласындағы тәжірибесін таныстырды. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы коммуникацияның негізгі мақсаты азаматтардың назарын өз денсаулығын сақтау және нығайту проблемаларына аудару, сондай-ақ аурулардың алдын алу және ерте диагностикалау мәселелерінде халықтың хабардар болуы мен медициналық сауаттылық деңгейін арттыру болып табылады. Осыған байланысты халықты ақпараттандыру және әртүрлі коммуникация құралдары (сайттар, E-Gov, e-Otinish порталдары, әлеуметтік желілер және т.б.) арқылы азаматтармен байланыс орнату бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Профессор Лим атап өткендей, өңірлер мен елді мекендер бір-бірінен халықтың жас үлесі, материалдық-техникалық жарақталуы, білім деңгейі бойынша ерекшеленеді, сондықтан осы факторларды ескере отырып, халықпен қарым-қатынастың сараланған жүйесін қалыптастыру маңызды.
Бұл ұсынысты Комитет басшысы қолдады, ол азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою мәселелерін зерделеудің маңыздылығын да атап өтті.
Кездесу соңында тараптар халықпен байланыс саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, баспасөз қызметтері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, микробиология саласындағы кооперация және т. б. бойынша алдағы ынтымақтастықтың перспективалары туралы келісті.