
Өткен 2022 жылы Ұлттық сараптама орталығы балалар ойыншықтарына 20 185 зерттеу жүргізді, оның ішінде 1 449 зерттеу сәйкессіздікті анықтады.
Зертханалық зерттеулер барысында органолептикалық көрсеткіштер, конструкциясы – өткір жиектері мен қырларының болуы, ылғалды өңдеуге төзімділігі бойынша сәйкессіздік анықталды, оның ішінде фенол, формальдегид және уыттылық индексінің артуы байқалды.
Сарапшылар көбінесе тауарларды таңбалаудағы бұзушылықтарды анықтағанын айта кету керек.
Анықталған бұзушылықтарға байланысты бұл өнімдер Сәйкес келмейтін өнімдер тізіліміне (http://reestr-np.kz/rus/) енгізілген.