Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде бейнеконференцбайланыс арқылы барлық аумақтық департаменттермен «Лауазымды адамдардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы туралы» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға барлық аумақтық департаменттердің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Семинарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерге ішкі талдау жүргізу институты және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, бұзушылықтар үшін заңда көзделген жауаптылықты (қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік) кеңінен аша отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері көтерілді.

Семинарға қатысушылардың басты назары мемлекеттік қызметтің парасаттылық қағидаты – ашықтыққа, сыпайылыққа және сатылмаушылыққа аударылды.

Азаматтардың билік органдарына сенімін арттыру үшін мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту мәселесі, оның ішінде лайықты мемлекеттік қызметшілердің үлгілерін насихаттау мәселесі де маңызды.

Семинарға қатысушылар талқылауларға белсенді қатысты, проблемалық мәселелер көтерілді, оларға толыққанды жауаптар алынды.

Аумақтық департаменттердің басшыларына осы бағыттағы жұмысты күшейту тапсырылды.