Алматы облысындағы ЖРВИ/тұмау бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай

Алматы облысындағы ЖРВИ/тұмау бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай

Соңғы аптада медициналық ұйымдарға жоғарғы тыныс жолдарының жіті респираторлық вирусты инфекциясының белгілері бар 10 917 адам, оның ішінде  14 жасқа дейінгі 6938 бала (63,5%) медициналық көмекке жүгінді.

Алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық қалыпты деңгейде (10378).

Жалпы облыс бойынша ЖРВИ сырқаттанушылығының төмендеуі байқалады, маусымның бастапқы кезеңімен салыстырғанда, ЖРВИ-мен медициналық көмекке жүгінгендердің саны 1,7 есеге төмендеген  (маусымның бастапқы кезеңінде 18 662 науқас медициналық ұйымға қаралған).

Тұмаудың 27 зертханалық расталған жағдайы тіркелді (В – 44%, А/H1N1 – 44%, А/А3N2 – 12%), оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 7 жағдай, жүкті әйелдер арасында – 9 жағдай.

Сырқаттанушылықтың төмендеуіне қарамастан, қоғамдық орындарда, көлікте және адамдар көп жиналатын жерлерде бетпердені пайдалану ұсынылады.