Құтырма – қауіпті ауру

Құтырма –  қауіпті ауру

Павлодар облысында жыл сайын жабайы және үй жануарлары арасында құтырма ауруы тіркеледі, себебі оның қоздырғышы табиғатта үнемі айналымда жүреді.

Осы жылдың басынан бері өңірде жануарларда құтырмаға күдіктің 8 фактісі тіркелді, оның ішінде 5 ит, 2 түлкі және 1 ІҚМ. Эпидемиологтардың пікірінше, аурудың негізгі тасымалдаушылары – жабайы (түлкі, борсық, кірпі) және қаңғыбас жануарлар, олар көбінесе шаруа қожалықтарының аулаларына енеді.

Санитариялық дәрігерлер жануардың тістеуі немесе тырнауы кезінде зардап шеккен адамға жараны сабынмен шұғыл жуу қажет екенін ескертеді, өйткені сілтілі орта құтырма вирусын бейтараптандырады. Содан кейін дәрігер құтырмаға қарсы екпелерді тағайындайтын травматикалық пунктке бару қажет. Егер жануар үйде болса, оны өлтіруге кеңес берілмейді. Оны он күн бойы бақылау керек, егер аурудың белгілері болмаса, онда дәрігердің рұқсатымен вакцинация курсын тоқтатуға болады.

Статистикадан біраз мәлімет. 2021 жылмен салыстырғанда медициналық ұйымдарға антирабиялық көмекке жүгінген адамдар саны 312 адамға немесе 15,4%-ға өсті. Жануарлардың тістеуінен зардап шеккендердің жоғары көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш) Павлодар облысының үш қаласында, сондай-ақ Ертіс, Железин, Павлодар, Шарбақты және Тереңкөл аудандарында тіркелді.

2022 жылы медициналық ұйымдарға құтырмаға қарсы вакцинация курсын алу үшін 2022 (254%) адам жүгінді, 2021 жылдың ұқсас кезеңінде 1710 (214,8%) өтініш жасады. Барлық зардап шеккендерге құтырмаға қарсы вакцина тағайындалды. Атап айтқанда, иттердің тістеуінен 1390 адам зардап шекті (2021 ж. ұқсас кезең – 1225), мысықтар – 536 (2021 ж. ұқсас кезең – 385). Жануарлардың басқа түрлерінің тістеуінен (жабайы жануарлар, маймылдар, кеміргіштер, жылқылар, ірі қара, кірпі) 96 зардап шеккен, 2021 жылдың ұқсас кезеңінде 88 адам зардап шеккен.

Эпидемиологтар құтырма – бұл орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталатын адамдар мен жануарлардың ауыр инфекциялық, табиғи-ошақты ауру екенін, профилактикалық вакцинация болмаған жағдайда өлімге әкеп соғатынын еске салады.