Бүгін Үкіметтің диалог алаңында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ерала Тоғжановтың қатысуымен брифинг өтті

Бүгін Үкіметтің диалог алаңында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ерала Тоғжановтың қатысуымен брифинг өтті

Коронавирустық инфекцияның таралуының күрделі жағдайын ескере отырып, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында шектеулі, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар енгізілді.

Э.Тоғжановтың айтуынша, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін уәкілетті мемлекеттік органдар әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өзгеруін қадағалап отырады, егер алып-сатарлық фактілері анықталса, ең қатаң санкциялар қолданылады.

Сондай-ақ, отандық өндірушілердің маскалар өндірісін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде елімізде күн сайын 200 мың бетперде шығарылады, жақын болашақта олардың көлемін 1 миллионға жеткізу міндеті тұр.
Қазақстандық туристердің шетелге оралуын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдануда. Азаматтарды қайтару Қазақстан авиакомпанияларының чартерлік рейстерімен жүзеге асырылады.