
2022 жылы өнімдер қауіпсіздігі мониторингі шеңберінде барлығы 3 571 өнім үлгісі (о. і. 2 520 тамақ өнімі, 1 051 сынама тамақ емес өнімдер) іріктеліп, зерттеулерге жеткізілді, оның ішінде 297 сынама Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмеді, бұл 8,3%-ды құрады. Сәйкес келмейтін өнімнің ең үлкен үлес салмағы импорттық өндірушілердің өніміне тиесілі – 75% (ЕАЭО – 50% және үшінші елдер – 25%) және қазақстандық өндірушілердің өніміне – 25,0% тиесілі.
Техникалық регламенттер талаптарын негізгі бұзушылықтар: өндірушілердің таңбалау қағидаларын бұзуы – 82,4%, микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеуі – 12,5%, сондай-ақ көрсетілген қасиеттерге немесе физика-химиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеуі – 4,4%.
Анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша өнімнің қауіпсіздігін мониторингілеу барысында 115 ұйғарым берілді, ірі және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 10 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, тексеру нәтижесіне сәйкес 459 450 теңге сомасына 10 әкімшілік айыппұл салынды, 111 088 теңге сомасына 127,95 кг сәйкес келмейтін өнім сатылымнан алынды.
Аумақтық техникалық реттеу және метрология департаменттеріне (ТРМД) 33 материал, өнім өндіретін кәсіпкерлік субъектілеріне сәйкес келмейтін өнімді анықтау фактілері бойынша 34 хабарлама жолданды.
ҚР-ның техникалық реттеу саласындағы заңнамасын бұзу фактілері бойынша Департамент жіберген материалдардың қорытындылары бойынша ТРМД тамақ өнімнің 5 сәйкестігі туралы декларацияның және 1 ойыншық сертификатының қолданылуын тоқтатты. Сәйкестік туралы декларацияларды қолдан жасау фактілері бойынша 2 материал Полиция департаментіне жіберілді.
«Геом» ЖШС-ның алкоголь өніміне қатысты Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен келіп түскен ақпарат бойынша материалдар Қостанай облысының Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.
Жергілікті өндірістің өнімдері «Ново-Альджановский мелькомбинат» ЖШС-ның микроэлементтердің құрамы бойынша ұн тарту өнімдерінде және «РокосКо» ЖШС ет өнімдерінде сәйкессіздіктер анықталуына байланысты Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарына және Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасына 3 ақпараттық хат жолданды, «Атамекен» ҰКП филиалында өндірістік кеңес өткізілді.
Департамент мамандары кәсіпкерлер палатасының алаңында және Департаментте жеке кәсіпкерлік субъектілері мен мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен 6 дөңгелек үстел өткізді, онда жиі анықталатын бұзушылықтар мәселелері талқыланды.