Лептоспироздың алдын алу

Лептоспироздың алдын алу

2022 жылы лептоспироз бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайлы, Ақмола облысының аумағында ауруға шалдыққан адамдар арасында  жағдайлар тіркелген жоқ.

Лептоспироз – жедел жұқпалы ауру, оның қоздырғышы лептоспира тұқымдасының бактериялары болып табылады. Ауру капиллярлардың зақымдалуымен сипатталады, көбінесе бауырдың, бүйректің, бұлшықеттің зақымдануы, интоксикация құбылыстары, тұрақты безгегімен бірге жүреді. Ауру адамнан адамға жұқпайды, өйткені бұл зооноз болып табылады.