
2023 жылғы 16-20 қаңтар аралығында Алматы қаласында АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (CDC) Орталық Азия кеңсесінің қолдауымен «Тағамдық аурулардың өршуін тексеру» тақырыбында оқыту тренингі өтті.
Іс-шараға тамақтану объектілерін бақылау мәселелеріне жетекшілік ететін Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының өкілдері қатысты.
Тренинг мамандарды оқыту және олардың кәсіби білімдерін тағамдық аурулардың өршуіне ден қою тәртібі бойынша өзектендіру мақсатында өткізілді.
Тренингте қатысушылар тағамдық аурулардың алдын алу және эпидемиологиялық қадағалау бойынша өзекті тақырыптарды қарастырды.
Сондай-ақ тамақ өнеркәсібі мен мал шаруашылығындағы микробқа қарсы препараттарға төзімділікпен күрес, толық геномдық реттіліктің тағамдық аурулардың өршуін тексеруге әсері туралы мәселелер талқыланды.
Іс-шара барысында оқу мысалдарында топтық тамақтан улануды тексеруді модельдеумен ситуациялық ойындар өткізілді, FETP тағамдық аурулардың өршуі мысалында Excel форматында тексеру есептерін құру, графиктер мен карталарды қалыптастыру бойынша түсініктемелер берілді.
Тренинг қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.