Медициналық қалдықтарды бақылау

Медициналық қалдықтарды бақылау

Медициналық қалдықтарды жою аса ұқыптылық пен жауапкершілікті талап етеді. Себебі қауіпті қалдықтарды жою талапқа сай жүргізілмесе, қоқыс жинаушылар, медицина қызметкерлері, пациенттер және жалпы қоғам арасында инфекцияның таралуы нәтижесінде аурудың қайталама берілуіне зор қауіп төндіреді.

2022 жылы облыс көлемінде А сыныбына – 523 422,615 кг, Б сыныбына – 143 029,80 кг, В сыныбына – 101 462,853 кг медициналық қалдық түзіліп, жойылды. Сондай-ақ Г сыныбына 180 кг қатты, 2,5 л сұйық түріндегі медициналық қалдық және 404 дана термометр, 951 дана бактерицидтік шамдар, 767 дана салқын жарықтандыру шамдары пайда болған. 

2022 жылы облыстағы денсаулық сақтау объектілеріне 725 тексеру жүргізілді. Анықталған бұзушылықтар, атап айтқанда медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, залалсыздандыру, тасымалдау және жою бойынша санитариялық қағидалар талаптарын сақтамауға қатысты барлығы 10 536 720 теңге сомаға 216 айыппұл салынып, 35 санитарлық ұйғарым берілді.

Медициналық қалдықтарды қауіпсіз жою саласында мамандардың біліктілігін арттыру үшін санитариялық-ағарту жұмыстары (семинарлар, тренингтер және т.б.) тұрақты жүргізіледі.

Медициналық қалдықтармен жұмыс тұрақты бақылауда, проблемалық мәселелер мүдделі органдармен бірге тұрақты түрде қаралады және талқыланады.